Сал ауруына шалдыққан балаларды жылқымен емдеу жүргізіледі

Сал ауруына шалдыққан балаларды жылқымен емдеу жүргізіледі1 маусымда аймақта тірек-қимыл қозғалысы бұзылған балаларды иппотерапия әдісімен, яғни жылқыға отырғызып емдеу басталады. Бұл туралы бүгін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердәулетовтің қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды.
Балаларды иппотерапия әдісі бойынша оңалту "Шағбан" жеке балабақшасында жүзеге асады. Ол үшін Абай аулындағы шаруа қожалықтарының бірінен 2 жылқы бөлінген. Алдағы уақытта олардың қатарын көбейту көзделуде. Иппотерапия – жүйке жүйесі зақымданған адамдарды емдеуге арналған медицина ғылымының бір тармағы. Жүйкесі мен қимыл-қозғалысы бұзылған науқастарды емдеуге жылқы жануары қолда¬нылады. Мамандардың айтуынша, жылқымен емдеу оңалтудың тиімді түрі. Жылқы қозғалғанда берілетін жылу қан айналымын жақсартып, адам ағзасын нығайтады. Енді қызылордалық балақайлар да атқа мініп, сауықтыру шараларына қатыса алады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 мамыр 2017 г. 600 0