
Мәскеуде болған қатты дауылдан 11 адам қаза тауып, елуден астамы зардап шеккен. Құрбан болғандардың ішінде 11 жасар қыз бар деп хабарлады астананың денсаулық сақтау департаменті.
Дауыл кезінде ағаштар, жарнама ілінетін бағаналар, құрылыс нысанындағы заттар құлап, үйлердің шатырын да жұлып әкеткен. Мәскеу түбінің жеті мыңнан астам тұрғыны жарықсыз қалған.
Құйынның жылдамдығы секундына 28 метр болса да, төтенше жағдайлар қызметі Мәскеу тұрғындарын алдын ала ескертпеген. Дүйсенбі күні таңертең "ауа-райы қолайсыз болады" деп қана хабарлама таратқан.