«Жезқазған-Сексеуіл» теміржолының құрылысы Қарақұмға жетті

«Жезқазған-Сексеуіл» теміржолының құрылысы Қарақұмға жетті   Арал. Ел өмірінде ерекше маңызға ие болып отырған «Жезқазған-Сексеуіл» теміржолының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күндері болат жол құрылысы Арал ауданы аумағындағы Қарақұм өңіріне жеткізілді.
   Оның ұзындығы 517 шақырымды құрайды. Теміржол бойында 13 станса, 30 теміржол бекеті бой көтеріп, көптеген инфрақұрылымдар салынады деп күтілуде. Өндіріс пен бизнес құрылымдары өркендейтін болады. Болат жол бойында Сексеуіл кенті ірі тораптық стансаға айналады деп күтілуде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2014 г. 1 703 0