Тыл ардагерлері салықты артығымен төлеп келген

Тыл ардагерлері салықты артығымен төлеп келгенҚызылордада салық органдары 207 тыл ардагерінен жарты миллион теңгедей қаржыны негізсіз алған. Сондай-ақ 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат та жер, мүлік, көлік салығын артығымен төлеп келген. Олқылықтың басты себебі – салық төлеушілердің өз құқықтарын білмеуі. Сондықтан прокуратура өкілдері облыс орталығындағы «Қазпоштаның» 180 бөлімшесіне жеңілдіктер туралы ақпарат іліп шықты.
Зейнетақысынан жырып артық төлем жасаған жанның бірі – Василий Мищенко. 88 жастағы қарт майдангер соғыс жылдарында шаруашылық көліктерін жүргізген. Тыл ардагері шығын орнын толтырып, заңның үстемдік құрғанына қуанады.
Василий Мищенко, тыл ардагері: - Мен ұдайы жер салығын төлеп тұрамын. Артық ақша беріп жүргенімді тіпті сезбеппін. Қадағалаушы органның біз сияқты қарт-мүгедектердің мүддесін қорғағаны үшін қуаныштымын. Заңмен бекітілген жеңілдіктер бар екенін енді біліп жатырмын.
Мұрат Досмағанбетов, қала прокуроры: - Прокуратураның ықпал ету шарасының нәтижесінде 800 мың теңгеден астам алынған салық кері қайтарылып беріліп, олардың құқықтары қорғалды. Жұмысшылардың да конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура назарында. Өткен жылдың өзінде 4 мың жұмысшының 730 млн теңге жалақысы өндіріліп берілсе, ағымдағы жылы 700-ден аса жұмысшының 110 млн теңге жалақысы өндіріліп беріліп, құқықтары қорғалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 583 0