
Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның отырысы өтті.
«Бүгін біз осымен екінші рет жиналып отырмыз. Қазір бағдарламаны іске асыруды бастап кеттік. Жұмысқа орталық атқарушы орган басшылары, азаматтық қоғам мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысуда”, – деді Ә.Жақсыбеков.
Жалпы, бұл бағытта 10 пункт бойынша жұмыстар атқарылады. Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен биыл 591 млн теңге бөлінген. Соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне 314 млн теңге, Білім және ғылым министрлігіне 35 млн теңге, Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 168 млн теңге, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне 73,4 млн теңге бөлінеді.