Қазалы. Жақында «Апаттар медицинасының темiржол госпитальдары» АҚ филиалы Қазалы темiржол ауруханасы мен темiржол емханасында соңғы үлгiдегi жаңа 3D форматта жұмыс iстейтiн құрылғысы елдің игілігіне айналды.
Аудан әкімдігінің хабаралауынша, «FHILIPS HD7» деген атауға ие американдық ультрадыбыстық аппарат эхокардиография тәсiлiмен жүрек қызметiн тексередi. Эхокардиография – бұл жүректiң ультрадыбыстық тексеруi. Мұндағы жүрек iшiндегi қан ағысы аппаратта анық көрiнедi. Дәрiгер құрылғы арқылы адамның жүрегiндегi әрбiр құбылысты алақанында тұрғандай байқай алады. Жүрекке қанның құйылуы, жүректiң iрi қан тамырларынан қанның шығуы сияқты сәттердi терең тексередi. Эхокардиография адамның жүрегiндегi ақауды әп-сәтте анықтай алатын мүмкiндiкке ие. Түрлi-түстi доплер арқылы жүректiң жұмысына, дүрсiлiне керi әсер етiп тұрған кедергiлер, ақаулар, жүректiң өзге де ауытқушылықтары жақсы көрiнедi. Сондай-ақ, заманауи құралмен iшкi ағзаларды және адамның жыныс мүшелерi мен эндокриндi ауруларды тексеруге болады.
Осы салада 2002 жылдан берi еңбек етiп келе жатқан Нұрлан Кәрiбаев науқастарды мұқият тексерумен қатар, кеңес берудi де ұмытқан емес. Аурухананың УЗИ дәрiгерлерi Қазбек Есбаев пен Индира Опабекова Қызылорда қаласындағы дәрiгерлердi дипломнан кейiнгi арнаулы бiлiмiн жетiлдiру курсынан өтiп жатыр.