Тарихтан тағылым - өткенге тағзым

Тарихтан тағылым - өткенге тағзымМамырдың 30-31 күндері аймақта саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған халықаралық форум өтеді.
Екі күндік шараның бағдарламасына сәйкес 30 мамыр күні сағат 11.00-де "Ассамблеядан теңдессіз сый" атты облыстық кітапханаға кітап топтамасын сыйға тарту рәсімі өтеді. Сондай-ақ, "Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917-2012) хрестоматиясының таныстырылымы болады.
31 мамыр күні сағат 9.00-де Арай мөлтек ауданындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңында еске алу митингі өтеді. Сағат 10.30-да "Тарихи жады және тағылым - рухани жаңғырудың негізі" атты ғылыми-практикалық конференция жұмысын бастайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 655 0