СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 мамырда Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі аяқталды.
Сайлау науқаны кезеңінде Қызылорда облысынан Парламент Сенатының депутаттығына барлығы 5 кандидат ұсынылды.
Ұсынылған үміткерлер Конституция мен Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының талаптарына толық сай келеді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған, мәслихаттардан кандидат ұсынылған жоқ.
Барлық кандидаттың ұлты – қазақ. Орташа жасы -55-те. Бесеуінің де білімі жоғары. Мамандығы бойынша олардың 2-і оқытушы болса, қалғаны дәрігер, саясаткер және инженер.
Үміткерлердің 4 саяси партиялардың мүшесі болып табылады, 1 кандидат өзінің партияға мүшелігін көрсетпеген.
Қазіргіт таңда облыстық сайлау комиссиясы 3 кандидатты тіркеді.
Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі 7 маусымға дейін созылады, ал 8 маусымнан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісе алады.
Қазіргі сәтте сайлау науқаны сайлау заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес жүріп жатыр.
 
Облыстық сайлау комиссиясы
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 446 0