Жастар керуені жолға шықты

Жастар керуені жолға шықтыӨткен жұмада Сырдың жас өнерпаздарынан құралған жастар керуені жолға шықты. «Экспо-2017» көрмесін насихаттау мақсатында шыққан керуен 26 мамыр мен 3 маусым аралығында жеті ауданды аралайды. Керуенді салтанатты шығарып салу рәсімі орталық алаңдағы "Еңбек аллеясында" өтті.
Шараға облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев қатысып, жастарға ақжолтай тілегін жеткізді.
Аталған шара барысында барлық аудандарда облысқа танымал талантты жас өнерпаздар, жайдарманшылар өз өнерлерін ұсынып, ЭКСПО еріктілері промо-акциялар, сайыстар ұйымдастырады. Сайыс нәтижесінде жеңіске жеткен аудан тұрғындарына «Экспо-2017» көрмесіне бір реттік билеттер және естелік сыйлықтар табысталады.

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.Жастар керуені жолға шықты
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 529 0