Сыбайлас-жемқорлық әрекеті, ел дамуының үдерісін тежейді

Сыбайлас-жемқорлық әрекеті, ел дамуының үдерісін тежейдіСыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы мәселеге байланысты  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Қызылорда облысы бойынша филиалы -  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде облыстық семинар өткізілді.
Жиын барысында   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілі Нұғман Үсенұлы Жақұдаев, Қызылорда облысының прокуратурасы 1 басқарма басшысының орынбасары Нұркен Сауранбекұлы Тұрғанбай, «Қызылорда облысы азаматтық альянсы» қауымдастығының атқарушы директоры Аққорлан Иманкулова, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының кеңесшісі Мансұр Төлеқожа қатысып, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында түсінік беріп өтті.
Семинардың негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Осыған байланысты орган мамандары қызметкерлерге қылмыстық құықтық тәртіптік жаза түрлеріне тоқталып, алдағы уақытта бұзушылықтарға жол бермеу бағытында жұмыс жасау керектігін ескертті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 648 0