
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқарамасы, "Қызылорда облысының жастар Одақтары" ҚБ-нің ұйымдастыруымен "Жасыл ел" сарбаздарының қатысуымен Қызылорда қаласынан тыс орналасқан Сырдария өзенінің жағасы бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Акция аясында әр түрлі тұрмыстық күл-қоқыстардан тазартылды. «Эко-Сақшы» акциясының мақсаты қала мен ауылдың экологиялық жағдайын тазарту жұмыстарына жастарды шақыру. Тазарту жұмыстарына 50 ден астам белсенді жастар мен "Жасыл ел" сарбаздары қатысып, 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықтар белгіленген күл қоқыс тастайтын орынға шығарылды. Қала ортақ үйіміз! Құрметті қала тұрғындарды, қаламыздың тазалығына бір ауыздан үлес қосайық!