Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесінде 25.05.2017 жылы сотталған азаматтар арасында өз-өзіне қол жұмсау және өз-өзіне дене жарақатын салуға , басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында «Адамның эмоционалды жағдайын басқару негіздері» тақырыбында семинар тренинг жаттығуы өткізілді.
Семинарға Қызылорда облыстық прокурорының аға көмекшісі М.Ибрашев, Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының маман психологы М.Бексұлтанова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының оқытушысы С.Дәрібаева, Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінің психологы Ж.Жұматаева қатыстырылып, сотталғандар арасында ашық пікір алысу жұмыстары жүргізіліп, эмоциялық жағдайдың дұрыс қалыптасуы жөнінде сотталғандарға мағлұматтар берілді.
Мекемедегі сотталғандардың эмоционалдық жағдайда өз-өзін басқара алмай эмоцияның жағымсыз түріне бой алдырып, яғни депрессиялық жағдайда түрлі суицидтік әрекетке бару қауіптілігінің алдын-алу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады.
Сонымен қатар, сотталғандар арасында мекеменің аға инспектор психологы сотталғандардың жаңадан келіп орта жағдайына адаптациялық қалыптасуына, депрессиялық жағдайға түспеуін үлкен зейінмен қадағалап психопрофилактикалық жұмыстар жүргізіліп, басқа да мекемелердің психологтарының қатысуымен түрлі семинар тренинг жаттығулары өткізіліп отырады.
ЗК-169/5 мекемесінің аға инспектор психологы Айдос Бағланұлы Жүсіпбеков.