Автокөлікті қалай сақтандыруға болады?

Автокөлікті қалай сақтандыруға болады?Автокөлікті сенімді сақтандыру үшін нені білу керек және егер сіз жол-көлік оқиғасына түсіп қалаңыз не істеу керек. Егер жол полициясының қызметкері тоқтатса жүргізуші куәлігі, техникалық төлқұжат және техникалық байқаудан өткендігі туралы құжатпен қатар сіз  сақтандыру полисін көрсетуге міндеттісіз. Автокөлікті сақтандыру полисінсіз жүргізгені үшін  5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Ал егер жүргізуші мүлде сақтандыру туралы шарт жасаспаса,айыппұл 20 АЕК-ге тең болады.
 
Автокөлікті сақтандыру үшін қандай құжаттар қажет
 
Сақтандыру компаниясына азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін алу үшін келген көлік иесі мына құжаттарды ұсынуға тиіс: Көлік құралын тіркеу туралы куәлік; Сақтандыру полисіне жазылатын адамдардың барлығының жеке басын куәландыратын құжаттар; Сақтандыру полисіне жазылатын барлық адамның жүргізуші куәлігі; Көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы келісімшарт жасау процесі және сақтандыру полисінің құны Қазақстанның барлық сақтандыру компанияларында бірдей.
 
Қандай сақтандыру компаниясын таңдаған дұрыс 
 
Нарықтағы сақтандыру компанияларының бағасында айырмашылық жоқ. Сондықтан сақтандыру компаниясын таңдауда төмендегілерге назар аударған жөн:  -  Компанияның нарықта қанша жыл жұмыс істеп тұрғанына; -  Сақтандырудың қосымша түрлеріне. Қарқынды дамып жатқан компания бір орында тұрып қалмай, сақтандырудың әртүрін ұсынатыны белгілі. Мысалы, бүгінгі күні қазақ нарығында бірқатар жаңашылдықтың –телематикалық сақтандыру,GAP-сақтандыру және т.б  бар екенін көруге болады Қарқынды дамып келе жатқан компанияны табу үшін жиналған сақтандыру сыйақысы көлемінің көрсеткіші қандай екеніне қарау керек. Сақтандыру компаниялары бойынша ресми мәліметтер ҚР Ұлттық банк сайтында үнемі жарияланып тұрады. Автокөлікті сақтандыру не үшін керек және төлем қалай жүргізіледі Сақтандыру болуы мүмкін сақтандыру жағдайларының тәуекелінен сақтандыру үшін керек. Ал сақтандыру жағдайлары айтып келмейді. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (КҚИ АҚЖО) заң бойынша сақтандырудың бұл түрі міндетті болып саналады. «ЖКО болғанда, мүлікке және денсаулыққа немесе үшінші тұлғаның денсаулығына залал келген жағдайда сақтандыру компаниясы зардап шеккен жаққа сақтандыру жағдайына қарай төлем жасауға міндетті. Көлік құралын жүргізуде жүргізушіде КҚИ АҚЖО-ның қолданыстағы полисі болмаса, айыппұл түрінде әкімшілік жазалау шарасы қолданылады»,  – дейді «Сәлем» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның қаржылық директоры және басқарма мүшесі Азамат Керімбаев. Ал төлемдерге келетін болсақ. Бір жәбірленушінің мүлігіне келтірілген залал үшін жасалатын төлем заң бойынша 600 АЕК-ден аспайды. Сонымен қатар барлық жәбірленушіге келтірілген зиянға жасалатын сақтандыру төлемінің жалпы көлемі 2000 АЕК-тен аспауға тиіс. Әрбір жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына, адам өліміне әкелген зиян 1000 АЕК. ЖКО-да келтірілген зиянды бағалауда және сақтандыру төлемінің сомасын белгілеуде автокөліктің амортизациялық тозуы есепке алынады. Жыл сайын автокөліктің нарықтық бағасы орташа есеппен 7%-ға төмендейді. Машинаның жылы өскен сайын келтірілген шығынды жабу үшін берілетін сақтандыру төлемінің сомасы да аз болады. «Мұндай жағдайда дәстүрлі ерікті полис КАСКО көмекке келеді. Себебі, ЖКО жағдайында төлемді кінәлі жақта алуы мүмкін», – дейді Азамат Керімбаев. Отандық нарықта сақтандырудың жаңа өнімдері пайда болуда. Мысалы, сақтандыру телематикасы ұқыпты жүргізуді бақылауға көмектеседі, ал бұл ЖКО-ға түсуден сақтандырады және келешекте КАСКО полисін сатып алу үшін үнемдеуге мүмкіндік береді.  Сондай-ақ «GAP Сақтандыру» бар, ол бойынша жол-көлік оқиға болған жағдайда АҚЖО-ға қосымша тағы да 1 млн теңге алуға болады. Егер сіз ЖКО-ға қатысушы болсаңыз, қалай әрекет етуіңіз керек ЖКО болған кезде негізгі ережелерді  қатаң сақтау керек: Автокөліктің орнын қозғауға, полиция қызметкерлері келгенге дейін  зақымдалған заттарды жинауға болмайды; Өзіңіздің сақтандыру компанияңыздың өкілдерімен – кеңестік көмек беретін апатты комиссармен байланысу қажет;  Егер ЖКО-ға қатысушылардың денсаулығына немесе өміріне зиян келетін болса, полиция және жедел медициналық көмек қызметкерлерін шақыру керек; «Көбінесе ЖКО-ға кінәлі адам келтірілген шығынды орнына келтіру үшін үйінен, банкоматтан немесе туысынан ақша алып келуге сүйрелейді.  Полиция қызметкерлері ЖКО-ны рәсімдегенге дейін оқиға орнынан кетуге болмайды», – деп түсіндірді Азамат Керімбаев. Егер ЖКО болған жерден кетіп қалатын болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, кімнің кінәлі, кімнің кінәсіз екеніне қарамастан, екі жүргізушіде жүргізуші куәлігінен айрылады. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізілетін құқықтық рәсімдер қанша уақытты қажет етеді Жол-көлік оқиғасы рәсімделгеннен кейін жол полициясының қызметкерлері үш жұмыс күні ішінде әкімшілік материалды әкімшілік сотқа тапсыруы тиіс (егер зардап шегушілер не әлдебір даулы мәселелер болмаса). Сот материалды алғаннан кейін, 7 жұмыс күні ішінде судьямен тыңдалым өтетін уақытты белгілейді. Отырыстан кейін ЖКО қатысушылары заңды күшіне енбеген әкімшілік соттың қаулысын алады, егер қаулыға  наразылық білдірілмесе, 10  жұмыс күнінен кейін шығарылған шешім заңды күшіне енгені туралы белгімен сотқа қайтарылады. Оқиға қатысушылары сот шешіміне 10 жұмыс күні ішінде наразылық білдіре алады. Сондай-ақ әкімшілік соттың қаулысын «Сот кабинеті» интернет-ресурсынан алуға болады. «Сақтандыру компаниясына келер болсақ, – дейді сарапшы, –  сақтандырушы ҚР ұлттық банкінің нормативті-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша жазылған өтініш негізінде  10 жұмыс күні ішінде мүлікке келтірілген залалдың мөлшерін бағалайды».  Егер жәбірленуші сақтандырушы бағалаған залал мөлшірімен келіспесе, оған сотта шағым білдіре алады. ЖКО-дан кейін жаңа сақтандыру полисінің бағасы қалай өзгереді Сақтандыру компаниясының клиенті ЖКО-да жәбірленуші деп танылса, онда сақтанушы мен көлік құралы туралы тиісті ақпарат БСМҚ-ға (бірыңғай сақтандырушы мәліметтер қоры) тіркеледі. Бұл жағдайда сақтанушы ЖКО-ға кінәлі емес, оның қатысушысы болып танылады және сақтандыру полисінің бағасы өзгермейді. Ал егер клиент ЖКО-ға кінәлі деп танылса, сақтандыру алымы төленгеннен кейін БСМҚ «бонус-малус» санатын екі сатыға төмен түсіреді, бұл сақтандыру құнының шамамен 2 есеге дейін қымбаттауына әкеледі. БСМҚ-да тіркелген мәліметті Қазақстан нарығындағы барлық сақтандыру компаниясы көре алады. Егер бір жылдың ішінде ЖКО деректері тіркелмесе, келесі жылы сақтандыру құны төмендетіледі.
 
Сақтандыру бағасы неге байланысты болады
 
Заң бойынша сақтандыру бағасы көлік құралын тіркеу аймағына байланысты болады. Бірінші орында – Алматы тұр, бұл – АҚЖО полисі ең қымбат жер, екінші және үшінші орында Атырау мен Астана, сақтандыру бағасы ең төмен аймақ Тараз. Сақтандыру полисінің бағасы оған қанша адам енгізілгеніне байланысты қалайша өзгереді. КҚИ АҚЖО сақтандыру полисінің құны сақтандыруға енгізілген әр сақтанушы тұлға бойынша есептеледі. Сақтандыру құны «бонус-малус» санатына байланысты белгіленеді:  санат төмен болған сайын сақтандыру полисі соғұрлым қымбат болады. Мысалға, егер сақтандыру полисінде жоғары санатты (12 не 13) 5 адам және 2 не 3 санатты бір адам болса, сол төменгі санатты адам үшін полистің бағасы қымбат болады. Сіз жол-көлік оқиғасына тап болдыңыз, бірақ өзіңізбен бірге сақтандыру полисіңіз болмай шықты. Не істеу керек? Жол-көлік қозғалысы ережелеріне сәйкес, көлік құралын басқарушы адам өзімен бірге көлік құралын тіркеу туралы куәлік, жүргізуші куәлігін, жеке куәлігін және сақтандыру полисін ұстауға тиіс. Егер полиция қызметкері ЖКО орын алған кезде көліктің сақтандырылмағанын анықтаса, онда жүргізушіге қатысты сақтандыру полисінің болмағаны үшін 20 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады. Ал егер сақтандыру полисі бар, бірақ сақтанушының қолында болмай шықса, сақтандыру компаниясы залалдың өтемін төлеуге міндетті. Сақтандыру компаниясы қандай мерзімде төлем жүргізеді Егер клиент жәбірленуші болып тікелей реттеу тәртібі бойынша өз сақтандыру компаниясына жүгінсе, онда компания заң бойынша барлық қажетті құжат тапсырылғанан кейін 7 жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін беруге міндетті. Егер жәбірленуші айыпты тұлғаның сақтандыру компаниясына жүгінсе, барлық қажетті құжат тапсырылғаннан кейін, айыптының сақтандыру компаниясы 15 жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін аударады.

http://abctv.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 мамыр 2017 г. 702 0