
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттарды толығымен таныстыру мақсатында алқалы жиын өтті.
Жиынды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров жүргізді.
Айта кетейік, биыл республикалық имамдар форумында екі маңызды құжат қабылданған болатын. Біріншісі – ҚМДБ-мен арнайы әзірленген «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы. Екіншісі – «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы.
Жиынға барлық қала және аудан имамдары қатысып, аталған құжаттарға байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп, құжатта қойылған талаптар үдесінен шыға білуді қолдады.