Ауылдық мешіт жылуы жөнделуде

  Ауылдық мешіт жылуы жөнделуде  Шиелі. Аудандағы Ортақшыл ауылында орын тепкен "Шашты ата" мешітіне жылу жүйесі жүргізілуде. Оған қазірде Астана қаласында тұратын осы ауылдың тумасы, кәсіпкер Болат Пірімбетовтің демеушілік көрсетті.
   Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мешітке 800 мың теңгеге жылу батареялары мен қазандығы алынып, орнатылуда. Одан өзге, жылу жүйесіне қарапайым су емес, арнайы қатпайтын сұйықтық (тосол) құйылатын болады. Сонымен қатар, кәсіпкер ауыл имамына тұрақты негізде жалақы төлеп отыратынын жеткізді.
 

  Ауылдық мешіт жылуы жөнделуде

  Ауылдық мешіт жылуы жөнделуде

 


 

 



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2014 г. 1 116 0