Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстан

Қазақстан бұл менің Отаным. Қазақстан 150 ұлт пен ұлыстың отаны,ыстық  ұясы.  Еліміз көптеген ұлтқа пана болған  мекен. Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміз көптеген игі қадамдар жасап, халқымызды әлемнің  дамыған 30-елінің қатарынан көрінуіне дейін жоғарлатты. Айтар болсақ Президентіміздің жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауларының өз дәрежесі, сара жолы бар.Елбасымыз әр бір жолдауында  еліміздің барлық  саласын  қамтып,әр салаға тура жол көрсетіп,атқарылып жатқан жұмыстар жайында және келешекте атқарылатың маңызды жұмыстарға бағыт бағдар көрсетіп отыруды дәстүрге айналдырды. Әр бір жолдау арқылы халқымыз тура жолды анықтап, дамудың даңғыл жолын адаспай тауып келеді. Айта кетер бір жәйт 25-жылдық тәуелсіз ғұмырымызда еліміз нағыз дамудың ең сара жолын таба білді.  Халқымыздың  саны артты,экономикалық және әлеуметтік жағдайымыз жоғарлады,осының бәрі Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына арнаған жолдауының оң нәтижесі. Қазіргі таңда әлем елдері Қазақстанмен санасып төрінен орын беретін болды.  Нақты айтар болсам еліміз көптеген  ұйымдарға мүше болып  қана қоймай сол ұйымдарға төраға болып сайлануы және әлемдік сахнада өз ойын, өз позициясын нақты айта алатын азулы елге айналды. Қай саланы алып қарасаңда еліміз  әлем елдерінің  арасында дәрежесі жоғары,терезесі тең.  Қазір нарықтық заман және техниканың дамыған заманы соған орай жақында  Президентіміз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты халыққа  мақаласын жолдады. Мақалада Елбасымыз еліміз XXI ғасырда Қазақстанның  бұдан да жоғары дамудың  сара жолында  болуды  және бір орында  тоқтап қалмай  еліміздің  әр бір  саласының  одан  әрі  бәсекеге  қабілетті болуын нақты атап айтты. Біз дамуымыз қажет, бірақ өз тарихымызды ұмытпай  XXI-ғасырдағы рухы мықты  ел болуымыз  тиіс. Біз  рухани мықты болмасақ, өткен  тарихымыздан бейхабар ұрпақ болсақ,онда тәуелсіздігіміз  көк  тиын. Сондықтан  ұрпағымызды XXI ғасырдағы  рухы  мықты елдің  жастары  етіп  тәрбиелеуміз  тиіс. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  айтқандай «тарихын білмеген ел,тарихтың шаңына көміліп  қала  береді»  деген болатын.  Олай болса  жаңа  жағдайдағы жаңғыруға ұмтылуымыз  қажет. Мен  Қазақстан елінің азаматы  ретінде болашағымыздың жарқын болатынына сенемін және әр бір істі қуана қолдауға  әзірмін.
Қолдасын ДЕМЕУБАЕВ,
"Мүгедектерге арналған  оңалту орталығы" КММ-нің 
қызмет  алушысы,  2-топ мүгедегі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 мамыр 2017 г. 449 0