ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚОблыстық филармония залында сыбайлас жемқорлық көрініс-терінің алдын алу және оған қарсы іс-қимылды іске асыруға бағытталған жоспар бойынша дөңгелек үстел өтті. 
Оған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Әділбек Ерсұлтанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев, басқарма басшысының міндетін атқарушы Бағдат Изкенов, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің облысы бойынша өкілдігінің директоры Кәжденбек Баймаханов, облыстық кәсіп одақтар кеңесінің заңгері Ербол Жұбатқанов және филармония қызметкерлері қатысты.
Сыбайлас жемқорлық – ел экономикасының ілгері дамуына кедергі келтіріп отырған ең басты қауіп-атерлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да оны болдырмау, алдын-алу мақсатында аймақта көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда. Міне, осы тақырыптарға кеңінен тоқталған сала мамандары өнер ұжымына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды түсіндірді.
Айталық, сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. 
Осы тақырыптарға кеңінен тоқталған мамандар көпшіліктің пікірлерімен бөлісіп, сауалдарына жауап берді. 

Н.ҚАЗБЕКОВ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2017 г. 708 0