АҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босанды

АҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босандыАҚШ-та 17 жыл бойы сәби күткен әйел бірден алты бала босанды, - деп жазады Washington Post. Аджибола мен Адебойя Тайво - Ричмонд тумалары (Виргиния штаты).
Олар 11 мамырда 3 ұл мен 3 қыздың ата-анасы атады. Әйел сәбилерді 40 дәрігердің көмегімен босанған. Дәрігерлердің айтуынша, сәбилердің жағдайы жақсы, әзірше медициналық бақылауда болады. Дүниеге келген сәбилердің ең кішісінің салмағы - шамамен 500 грамм, ал ең үлкенінің салмағы бір келіден кішкене ғана асады екен.
Айта кетейік, бірден алты бала босану өте сирек кездесетін жағдай. АҚШ-тың медицина билігіндегілердің мәліметінше, елде төрт миллион сәби дүниеге келген. Олардың 24-інде ғана сәбилер төртеу және одан көп болып туылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 мамыр 2017 г. 613 0