
«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған «Агробіліктілік орталығы» ЖШС Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасымен бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында биыл да оқу-семинарларын бастады.
Биыл облыс бойынша өсімдік және мал шаруашылығы бағыттары бойынша 8 базалық шаруашылықта семинарлар өткізу жоспарлануда.
Алғашқы семинар Қазалы ауданына қарасты Қожабақы ауылында құрылған «Кішкене Ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің базасында өткізілді. Өсімдік шаруашылығы саласында өткен шарада ауыл азаматары көкөніс және бақша дақылдарын өсіруде қолданылып жатқан жаңа технологиялармен таныс болды. Семинарды жүргізген «Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-нің ғылыми қызметкерлері Қанағат Бегалиев пен Жанұзақ Байманов саладағы су үнемдеуіш технологияларының ерекшеліктерін айтып берді.
Көңіл қуантарлығы, қазір ауылдағы шаруашылықпен айналысатын ағайын бірігіп іс қылғанда ғана өнімді тірлік болатынына көздері жетіп, кооперативтерге бірігуде. Жоғарыда аталған семинарға аудан бойынша құрылған бірқатар кооператив мүшелері қатысып, жаңалықтармен бөліскені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Айта кету керек, алдағы уақытта мұндай шаралар,
Өсімдік шаруашылығы саласында:
- «Күріш шаруашылығы» бағытында «Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС,
- «Кәсіпкерлік және ауыл шарашылығы кооперациясы» бағыты бойынша Қызылорда қаласында «Ы. Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС, Жалағаш ауданында «Байтабын» ЖШС және Шиелі ауданында «Ақмая» ШҚ семинарлар өткізіледі.
Мал шаруашылығы саласында:
- «Түйе шаруашылығы» бағытында Шиелі ауданында «Шиелі төрт түлігі» АӨК,
- «Жылқы шаруашылығы» бағытында Жаңақорған ауданында «Бақытжан» ШҚ,
- «Агробизнес негіздері» бағытында Сырдария ауданында «Ақжарма инвест» АӨК,
- Жаңақорған ауданында «Миялы» АӨК мал шаруашылығы саласындағы семинарлар өткізілу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілеріне арналған шара туралы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірманова: «Семинарларда шетелдік және отандық сарапшылар теориялық және практикалық дәрістер жүргізеді. Семинарларға қатысу тегін, семинар қорытындысымен ауыл шаруашылық тауарөндірушілеріне сертификаттар беріледі. Семинарларға қатысу үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына және аудандық филиалдарға хабарласуға болады», - деді.
Жалпы ауыл шаруашылық тауарөндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат беретін «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөмірі іске қосылып, қоңырауларды қабылдауға дайын.
Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс істейді.
Сұрақтар бойынша Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Алма Пірмановаға хабарласуға болады. 8 /7242/ 40-09-81.