
Жуырда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде ХҚТУ «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы республикалық байқаудың тұңғыш лауреаты, композитор С.Елеуовтің шығармашылығына арналған ән байқауы өтті.
Әдеби-мәдени шаралар жиі өткізілетін оқу ордасындаға бұл байқау Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы негізінде ұйымдастырылды. Сазгер С.Елеуов сыр елінің тумасы.
Шараға Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің басшысы Мадияр Ахметов ұйытқы болса, аймаққа белгілі өнерпаздар Жақсыкүл Бегманова, Райымбек Әділбеков және Манап Көкенов атындағы шығармашылық үйінің директоры Уәли Ибрагимовтер қазылық жасады.
Байқауға қатысушы 11 талапкер жанды дауыста сазгер С.Елеуовтың шығармашылығынан бір ән, еркін тақырыпта бір ән орындады.
Сайыс нәтижесінде, І орынды Түркістан медицина колледжінің студенті Жайна Әбсаттар, ІІ орынды Шиелі аграрлы колледжінің студенті Нұржайна Оразбек, ІІІ орынды Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің студенті Қуаныш Байболат иеленді. Жеңімпаздарға сый-сыяпат, диплом табыстады. Сондай-ақ, екі үміткерге жаңақорғандық сазгерлер Бекксұлтан Байкенжеев, Нағызхан Жаманбаев атындағы номинация берілді.