Көші-қон заңнамасын бұзған 450 шетелдік анықталды

Көші-қон заңнамасын бұзған 450 шетелдік анықталдыАғымдағы жылдың 22-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2017» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осы іс-шараға ОІІД-нің 470 қызметкері жұмылдырылды. Олардан 45 мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517- бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 450 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 32 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 17 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі (Қоғамдық орында тиісу) бойынша 9 шетел азаматына шара көрілді. 204 шетелдіктің ҚР-да болу мерзімдері қысқартылды.
  Өзбекстан Республикасының 14 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 393-бабы (ҚР-ның аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамау) бойынша қылмыстық істер қозғалды.
  Өзбекстан Республикасының 46 азаматы әкімшілік кодекске сәйкес және  4 азамат Азаматтық тәртіппен республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 29 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 мамыр 2017 г. 400 0