24 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағайлы жаңбыр күтіледі, тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батысың кей жерлерінде тұман бақыланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Павлодар облысында жел 15-20, түнде кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерінде нөсер жауады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағайлы жауын, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с. Ақмола облысында түнде желдің екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, түнде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағайлы жауын күтіледі, Алматы облысында жел 17-22 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан обылыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.