«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2017 жылдың 23 мамырында Қызылорда облысының кей жерлерінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с жел күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы