
Ипотекалық несие алған адам бірнеше жылға банктің алдында қарыздар болады. Дегенмен, қарыздың күшін жоюдың бірнеше жол бар, деп жазады krisha басылымы. Заңгерлердің мәліметінше, ипотекалық келісімнің күшін жою үшін мыналардың бірі орындалуы керек:
– Қарызды алдын ала жауып тастау;
– Қарыз алушының өзгеруі;
– Кепілдегі мүліктің сатылуы;
– Қарызды қайта қаржыландыру (рефинансирование);
– Кепілзатты ауыстыру;
– Кепілзат құнын жабу.
Егер ипотека алған адам қайтыс болған жағдайда, егер оның мұрагері болса, банк әлгі мүліктің ипотекасын ары қарай төлеп, ипотеканы мұрагердің атына ауыстыру туралы ұсыныс жасайды. Бірақ мұнда мұрагер оны өз атына рәсімдеуіне де, немесе тіпті ипотекадан бас тартуына да құқылы. Егер мұрагер ипотекадан бас тартса, мүлік мемлекет меншігіне өтеді.