
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде қызметкерлердің білімін жетілдіру мақсатында «Терроризм мен экстремизге қарсы іс-қимыл және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Аталған шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің, «Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының, Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының Терроризмге қарсы қызметті үйлестіру бөлімінің, Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері және ХҚКО-ның барлық бөлімдердің жауапты тұлғалары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында терроризм мен экстремизге қарсы іс-қимыл және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары, диструктивті діни ағымдар төңірегінде әңгіме өрбіп, қызметкерлер өздерін қызықтырған сауалдарын қойды. Шара аясында алдағы уақытта бірлескен жұмыстар атқару жөнінде шешім қабылданды.