
Қызылорда қаласы Эделвейс саяжайында орман шаруашылығының аумағында қураған ағаштар мен бұталардың жануы орын алды. Шартты өрт 100 шаршы метр алаңды қамтыды.
Жаттығудың негізгі мақсаты туындаған орман өртін уақытында табуды және бастапқы даму сатысында жоюды, орман шаруашылығының күзетші қызметкерлерінің өзара іс-қимыл жөніндегі әрекеті бойынша іс-қимылын пысықтау және өрт сөндіру қызметіне өрт туралы хабарды уақытында беруді қамтамасыз ету. Келген өрт сөндіру бөлімшелерінің міндеті жеделдігі және үйлесімді іс-әрекеттерімен қорытындыланды.
Оқу-жаттығу барысында отты қоршау, жиектерті жырту іс –әрекеттері пысықталды. Өртті сөндіруге 15-20 м/с жететін күшті ұйтқыған жел кедергісін келтірді. Оқу–жаттығуда өрт сөндірушілерге өртті жоюға 1 сағаттан астам уақыт қажет болды.
Шартты өртті сөндіруге Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нен 30 қызметкер, 5 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар 7 бірлік арнайы техникалар: өрт сөндіру автокөлігі 2 бірлік, трактор 2 бірлік, су тасу көлігі 2 бірлік және ІІД жедел тобы жұмылдырылды.
Іс-шараны қорытындылай келе халыққа өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау қажеттілігі туралы ескертіп, облыстық телеканалға Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты З. Салмырзаұлы сұхбат берді.
Адамдар темекіні жол жиегіне лақтарады, табиғатта демалу кезінде алау жағады, шыны қалдықтарын тастайды. Осының барлығы орман алқаптарын жоюға алып келеді. Сонымен қатар, тұрғындар тұрғын үйлердің жанында құрғақ шөптерді жағып адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, - деп өзінің үндеуінде атап өтті З. Салмырзаұлы.
Қызылорда облысы ТЖД