Шахматтан балалар Кубогының I кезеңі басталды

Шахматтан балалар  Кубогының  I кезеңі басталдыБүгін,  Қызылорда қаласында Аралбай Махамбетов Мемориалына  арналған шахматтан Қазақстан Республикасы балалар  Кубогының  I кезеңі басталды. 
Биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылған жарысқа  Астана, Алматы қалалары мен  он екі облыстан 300-ге жуық  шахматшы қатысуда. 
Ел кубогына 10 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар швейцар жүйесі бойынша 9 турда бақтарын сынауда. 
 Сонымен қатар, ересектер арасында «Қызылорда Опен»  рейтінгілік турнир де қатар өтуде. 
Жарыс 26 мамырға дейін жалғасады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.  
Жарыстың бас төрешісі: Ержан Шакенов  (Астана қ.). 
 
Шахматтан балалар  Кубогының  I кезеңі басталды
Шахматтан балалар  Кубогының  I кезеңі басталды
    





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2017 г. 507 0