Құтқарушылар олимпиада кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті

Құтқарушылар олимпиада кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз еттіҒ.Мұратбаев атындағы стадионында «Қызылорда еріктілері» қауымының басшылығы облыстық спорт және туризм басқармасының қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандарға облыстық олимпиада өткізді. Аталған бұл іс-шарада Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары байқаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға (мүгедек арбасымен) кедергілерден өткізуге көмектесті.
Бұл жарысқа 40-қа жуық адам қатысты. Барлық қатысушылар Қызылорда қаласының мүгедектері және Талсуат денсаулықты орнына келтіру орталығының ем қабылдап жүрген азаматтары.
Іс-шараның мақсаты – дене шынықтыру және мүгедектердің спорт түрлерін көпшілікке көрсету, бұқаралық спортты насихаттау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарды оларды жүйедегі ұйымдасқан бәсекелестікке тарту арқылы белсенді және салауатты өмір салтын сауықтыру.
Жарыс аяқталғаннан кейін жасақ құтқарушылары барлық қонақтарға және көрермендерге судағы қауіпсіздік ережелері туралы үнпарақтар мен бүктемелерді таратты.  

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2017 г. 552 0