«Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» Әсіров Алтынбекті еске алуға арналған ашық турнир өтті

«Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» Әсіров Алтынбекті еске алуға арналған ашық турнир өттіЖуырда Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылында  «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері», Еркін күрестен КСРО спорт шебері Әсіров Алтынбек Бекболатұлын еске алуға арналған аудандық ашық турнир өтті.
№129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектептің спорт залында  «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері», Еркін күрестен КСРО спорт шебері Әсіров Алтынбек Бекболатұлын  еске алуға арналған еркін күрестен  2000-2002, 2003-2004  жылдары туған жасөспірімдер арасында  аудандық ашық турнир өтті.  Аудандық ашық турнирге Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Теренөзек кенті, Маханбет, Шіркейлі ауылдарынан барлығы  5 команда, 100-ге жуық спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады.   Жарыстың мақсаты - «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері», КСРО спорт шебері Әсіров Алтынбек Бекболатұлын еске алу, жасөспірімдер арасында еркін күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберлігін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке  тәрбиелеу.   
Әсіров Алтынбек Бекболатұлы 18.07.1947 жылы Қызылорда облысы, Теренөзек ауданы, Шіркейлі ауылында дүниеге келген. 1953 жылы №129 «Қызылту» орта мектебіне қабылданып, 10 сыныпты Қызылорда қаласындағы №1 Гагарин атындағы орта мектепті бітірген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атныдағы педагогикалық институтына түсіп, 1971 жылы химия-биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Н.В.Гоголь атныдағы педагогикалық институтын оқып жүріп еркін күреспен айналысқан Әсіров Алтынбек Бекболатұлы қажырлы еңбегінің арқасында облыстық, республикалық, бүкілодақтық жарыстарда топ жарып КСРО спорт шебері нормативін орындады. Туған ауылы Шіркейлі ауылында шәкірттер тәрбилеп күрестің қыр-сырына баулып, өсіп шығуына, ауылда спорт үйірмелерінің ашылуына аянбай тер төккен ағамыз 2007 жылы «Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» атанды.
Елімізде еркін күрес өте қарқынды дамып келеді.   Бұның өзі күрес спортының дұрыс бағытқа қойылғандығын дәлелдейді. Бұндай жарыстар өсіп келе жатқан кішкене балуандар үшін үлкен тәжірбие алаңы. Балалардың дайындығын тексеріп, кемшіл тұстарымен жұмыс жасау үшін дәл осындай додалардың көптеп өткізілгені дұрыс. Бірнеше командалардың басын қосып, осындай үлкен жарыс ұйымдастырып отырған Әсіров Алтынбек Бекболатұлының өзінің қызмет атқарған  №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектеп ұжымына, Шіркейлі ауылдық округі әкімшілігіне, аудандық спорт бөліміне, демеушілерге, жанұясына алғысымызды білдіреміз.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша 32 келі салмақ дәрежесінде Ақберген Фархат, 35 келіде Әбілда Баубек, 38 келіде  Тасқынбай Бекзат, 42 келіде Мұханбеткәрім Арсен,   46 келіде Тілеген Саят, 50 келіде Исмағұл Әлібек, 54 келіде Жұмахан Досбол, 58 келіде Төлеген Әбуәлисина, 63 келіде Төребай Мұхаммед, 69 келіде  Мұханбет Асылхан, 76 келіде Жарылқасын Нұрқасым  жеңімпаз атанды. Жалпы есепте командалық І орынды Тасбөгет кенті, ІІ орынды Шіркейлі ауылы, ІІІ орынды Қызылорда қаласынан келген командалар иеленді. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль, естелік сыйлықтармен марапатталды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2017 г. 840 0