Түзеу мекемесінде кірпіш шығаратын өндіріс іске қосылды

Түзеу мекемесінде кірпіш шығаратын өндіріс іске қосылдыҚызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз-хатшысы Сейіл Ботакөз хабарлағандай, - «Колониядағыларды жұмыспен қамту-2017» жобасын іске асыруда қылмыстық атқару жүйесінің жұмысын үйлестіру мен қадағалау прокуратура органдарының басымды бағытында болды.
Облыстық прокуратурамен ҚАЖД-не прокурорлық ықпал ету актілері енгізіліп, жергілікті атқарушы және құзырлы мемлекеттік органдарға ақпараттар жолданып, өңірдегі сотталғандардың жұмыспен қамтылу жағдайына назар аударылды. Сотталғандарды жұмыспен қамтуда облыс әкімдігі жанындағы Консультатитвтік-кеңес органының құзыры пайдаланылды. Облыс прокурорының аға көмекшісі Мейрамхан Ибрашев, - бірлесіп қабылданған шаралармен «Байсер кірпіш зауыты» ЖШС-мен ЗК-169/4 қоныс-колониясында кірпіш шығаратын өндіріс орны іске қосылып, қосымша 40 сотталған жұмыспен қамтылғанын атап өтті.
Сондай-ақ, қатаң режимдегі ЗК-169/5 түзеу мекемесінде де жаңа өндіріс орындарын  ашу жалғастырылды. Консультативтік-кеңес органының отырысы тікелей аталған мекемеде өткізіліп, өңірлік кәсіпкерлік Палата мен бизнес өкілдері қатысқан болатын. Отырыста жаңа өндіріс орындарын, оның ішінде кірпіш зауытын іске қосу туралы шешімдер қабылданды. Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде мекемеде жаңадан кірпіш шығару өндірісі іске қосылып, 31 сотталған жұмыспен қамтылды. Қабылданған шаралармен барлық түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамту 79,6% құрап,  жобаның орындалуына қол жеткізілді. Жобаның іске асырылуы түрмедегілердің санының төмендеуіне ықпал етіп, жыл сайын босатылғандардың саны артты: 2014 ж. – 229, 2015 ж. – 355, 2016 ж. – 381 босатылған.
Түрмедегілердің санының төмендеуі ағымдағы жылы да жалғасып, 1-ші  тоқсанда 210 (79) сотталған босатылса, оның 141-і «ҚР Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты Рақымшылық туралы» Заңымен  босатылған.

Қызылорда облыстық  прокуратурасының баспасөз қызметіТүзеу мекемесінде кірпіш шығаратын өндіріс іске қосылды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 мамыр 2017 г. 553 0