Түркі Әлемі Журналистер Федерациясының мұрындық болуымен биыл екінші рет «Түркі әлемі» деректі фильм фестивалі және байқауы өткізілуде. Шара 27-30 қыркүйекте Стамбұл қаласында гала және жүлделі марапаттаулармен қорытындыланады.
17 мамыр күні байқау-фестивальдың Стамбұл қаласындағы таныстыру шарасы болып өтті. Таныстыру шарасына журналистер, мәдениет өкілдері және кейбір ҮЕҰ мүшелері қатысты. Фестиваль және байқаудың жетекшісі Мендерес Демір 7 мемлекет пен 8 қалада өткізілетін фестивальде түркі әлемінің түрлі мәдени шаралардың куәгері болатынын атап өтті. Сондай-ақ Демір байқауға туындыларды қабылдаудың 17 сәуірде басталғандығын айта келіп, «туындыларды қабылдау 18-тамызға дейін жалғасады. Өткен жылдан ерекшелігі, бұл жылы байқауды екі категоргияға бөлдік. Кәсібилер мен студенттердің еңбектері бөлек-бөлек қаралады» деді. Демір фестивальға қолдау көрсеткен Анадолы Агенттігі(АА) мен басқа да ұйымдарға алғысын білдірді.
Ғалия Серікқызы, Стамбұл