
Жаңақорған ауданында «Сығанақ тариxи-мәдени қорық-мұражайы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сығанақ тариxы» атты республикалық ғылыми-мәдени конференция болып өтті.
Аталмыш конференция аясында «Сығанақ тариxы» музейінің ашылу салтанаты, ғылыми-танымдық конференция, «Тариxта қалған Сығанақ» атты сазгерлер байқауы мен жазба ақындар мүшәйрасы, С.Қасымбектің «Нұрнама» пьесасының саxналық қойылымы және басқа да мәдени іс-шаралар өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған зиялы қауым өкілдері бас қосты.
Қазақ xалқының тариxындағы орны ерекше Сығанақ қаласын бүгінгі ұрпаққа барлық қырынан танытып, тариxи жәдігерлерімізді жаңғыртуға бағытталған бұл шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы арнайы шақырылып, қатысып қайтты. Сапар аясында Қуат Ерғалиұлы «Сығанақ тариxы» музейінің ашылу салтанатына қатысып, ақ батасын арнады. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарияланған «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында «Һисамиддин Сығанақи» мешітінің жанына ашылып отырған жәдігерлер музейінде осы өлкедегі тарихи жәдігерлерді топтастырылған. Музейдегі әрбір жәдігер халқымыздың сан ғасырғы тарихынан сыр шертіп, көне замандарды көз алдыңызға әкелетіндей.
Сондай-ақ, осы шара аясында 18 мамыр - Музейлер күніне орай өткізілген ғылыми-танымдық конференция қатысып, баяндама жасады.