«Она» фильмінің ресми трейлері шықты

«Она» фильмінің ресми трейлері шықтыБиылғы жылдың күзіне жоспарланған «ОНА» фильмінің ресми трейлері жарыққа шықты. Басты рөлдерде актриса Айсұлу Әзімбаева мен Настя Вострова сомдайды.
Кинотуынды психологиялық триллер жанрында түсірілген, бұл Astana Film Fund компаниясының екінші жобасы.
Фильмде үлкен қалада тұратын жас қыздың өмірі суреттеледі. Қалада тек қаңыраған бос көшелер, дүкендер, метро стансалары мен кеңселер... Осындай құлазыған жалғыздықты ол тек кішкентай қызымен ғана бөлісетін. Алайда, осындай ерекше қалада тағы бір тұрғынның пайда болғанын байқағанда, олардың өмірі күрт өзгереді.

Дереккөз: inform.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 мамыр 2017 г. 551 0