ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ТОҚТАМАЙДЫ

ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау» тақырыбында семинар өтті. 
ҚР Техникалақ реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы Е.Кеулімжаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарына тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу мәселелерін көтерді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы М.Искаков саладағы өзгерістерге, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кешенді аттестациясы, мемлекеттік қызметте болу кезіндегі шектеулер, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін факторларға түсініктеме берді. Арнайы слайд, бейнеролик көрсетілді.
Қатысушылар сұрақтар мен пікірлерді, проблемалық мәселелерді ортаға салып, талқылау жүргізілді. Талқылау қорытындысымен берілген ұсыныстар  уәкілетті органға жолданатын болды. 
Техникалық реттеу және метрология комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2017 г. 510 0