«Бермуд үшбұрышында» тағы бір ұшақ жоғалып кетті

«Бермуд үшбұрышында» тағы бір ұшақ жоғалып кеттіПуэрто-Рикодан Флоридаға бара жатқан кезде MU-2B ұшағы Бермуд үштағаны аймағында жоғалып кетті, - деп хабарлайды news.rambler.ru-ға сілтеме жасап БАҚ.КЗ.
Аталған ұшақ дүйсенбі күні сағат 11:00 де Пуэрто-Рикодан ұшып кеткен. 3 сағаттан кейін ұшақпен байланыс үзіліп қалған.
Жоғалған ұшақта 2 ересек адам мен 2 кішкентай бала болған. Ұшақ 7000 метр биіктікке көтерілгеннен кейін байланыс мүлде үзілген.
Біраз уақыттан соң Эльютер аралынан 60 шақырым жерден белгісіз ұшақтың сынықтары табылған. Қазір осы оқиға бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2017 г. 633 0