Қызылордада көлік прокуроры ұсталды

Қызылордада көлік прокуроры ұсталды2017 жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Қызылорда облысының аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетінің жолын кесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады, - деп хабарлады ҚР ҰҚК сайты. 
Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарының мүшелері бір мезгілде 8 қатысты адамды ұстады, олардың тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оның ішінде «КАИС-сервис» ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), «Қарамай Ойл» ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді.
Қылмыстық мұнай бизнесін қолдаушылар қатарынан ҚР БП ІҚБ өкілдерімен бірге Қызылорда көлік прокуроры Н. Серікбаев ұсталды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 мамыр 2017 г. 751 0