Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы ұлттық «Үркер» сыйлығы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Баспа, радио-, интернет-журналистика саласындағы ұлттық «Үркер» сыйлығын  жариялады. Ұйымдастырушы – «Қазконтент» АҚ.
2. Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және шығармашылық адамдарының елеулі еңбегіне қоғам назарын аудару. Сыйлық лауреаттарын белгілі қайраткерлер мен кәсіби мамандардан құрылған Қазылар алқасы анықтайды.  
3. Сыйлық мынадай аталымдар бойынша беріледі: 
1) үздік фотосурет;
2) үздік репортаж;
3) үздік сараптамалық материал;
4) үздік журналистік зерттеу;
5) үздік сұхбат;
6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;
7) үздік халықаралық талдамалы материал;
8) журналистикадағы дебют;
9) үздік радиобағдарлама;
10) үздік өңірлік радиостанса;
11) үздік өңірлік мерзімді басылымы;
12) үздік мамандандырылған басылым; 
13) үздік жыл журналы;
14) Қазнеттегі медиа серпіліс;
15) үздік республикалық мерзімді басылым.

2. Өтініштерді беру тәртібі 

4. Өтініштер 2017 жылғы 7 мамырдан бастап 7 маусымға дейін электрондық түрде (ұсынылған үлгі бойынша қол қойылған скан-нұсқасы) el.kz интернет-ресурсының арнайы бөлімінде немесе urker@el.kz электрондық поштасы арқылы өзін-өзі ұсыну форматында қабылданады.  
5. Бір автор тек бір ғана өтініш бере алады және бір аталымға 2 материал ұсынуға құқылы (бір аталымға 2 материал беруге, сондай-ақ әр түрлі аталымдар бойынша бір-бірден материал ұсынуға рұқсат етіледі). Байқауға Қазақстан Республикасының жасы 16-дан асқан кез келген азаматы қатыса алады. 
6. «Үздік радиобағдарлама» аталымы бойынша жеке немесе заңды тұлғалар, радиостанса берген эфирлік анықтаманы қоса ұсыну арқылы (егер радиостансаның өзі өтініш беруші болса, онда қажет емес) өтініш бере алады. 
7. Ұжымдық аталымдар бойынша БАҚ-ның уәкілетті органда есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді. 
8. Өтінішке қойылатын талаптар:
Үздік фотосурет. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық   интернет-ресурста жарияланған фотосурет. Файлдың форматы: JPG, JPEG.
Үздік репортаж. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық  интернет-ресурста жарияланған материал. Оқиғаны түсіндіру тереңдігіне және ұсыну тәсіліне назар аударылады. 
Үздік сараптамалық материал. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық  жарияланған материал. Қамтылатын фактілердің тереңдігіне, талдаудың толықтығы мен қорытынды сапасына, тақырыптың қоғамдық маңыздылығына назар аударылады.
Үздік журналистік зерттеу. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық  интернет-ресурста жарияланған материал. Ақпаратты жинаудың жоспарлылығына, зерттеудің жүйелілігіне және қорытындылардың эксклюзивтілігіне назар аударылады.
Үздік сұхбат. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық  интернет-ресурста жарияланған материал. Талқыланатын мәселеге қатысты  журналистің біліктілігіне, сұхбатты құруына және диалогтың психологиялық аспектілеріне назар аударылады. 
Қазақстан туралы үздік танымдық материал. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған материал. Ұсыну тәсіліне, тақырыпты ашу тереңдігіне және эксклюзивтілігіне назар аударылады.   
Үздік халықаралық сараптамалық материал. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған материал. Екі тақырыпқа назар аударылады – халықаралық қауымдастықтағы Қазақстанның рөлі, әлемдік оқиғалар, оларды реттеудегі Қазақстанның қосқан үлесі.  
Журналистикадағы дебют. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта мерзімді баспасөзде және/немесе ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурста жарияланған материал. Публицистикалық стильге назар аударылады. Бұл аталым бойынша байқауға Қазақстан Республикасының 21 жасқа толмаған кез келген азаматы қатыса алады.
Үздік радиобағдарлама. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта радиожиілікті қолдану арқылы хабар тарататын радиостансалардың эфиріне шыққан бағдарлама. Ұзақтығы 30 минуттан аспайды (тұрақты бағдарлама болған жағдайда бір шығарылым ғана қарастырылады). Тақырыптың өзектілігі мен форматтың эксклюзивтілігіне назар аударылады. Файл форматы: mp3.
Үздік өңірлік радиостанса. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтініш берген күнге дейінгі аралықта тек қана бір облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында радиожиілікті пайдалану арқылы хабар тарататын радиостанса. Өтініште радиостансаның қызметін сипаттайтын жобалар, бағдарламалар, авторлар, оқиғалар мен басқа да маңызды фактілер көрсетіліп стансаның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Кейбір бағдарламалардың mp3 форматындағы жазбасы қоса берілгені жөн. Ұзақтығы 30 минуттан аспауы керек. 
Үздік өңірлік мерзімді басылым. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кем дегенде 4 нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым. 
Өтініш басылымның қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы төлқұжат түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы да қоса берілуі керек. 
Басылу сапасы мен түстілігі есептелмейді. 
Үздік мамандандырылған басылым. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында кем дегенде 4 нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым немесе 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтініш берген күнге дейінгі аралықта желіде қолжетімді интернет-басылым. 
Өтініш басылымның қызметін сипаттайтын негізгі тақырыпты, жобаларды, айдарларды, авторларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы төлқұжат түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы немесе интернет-басылымның  PDF форматындағы материалдар дайджесті қоса берілуі керек. Интернет-басылымдар көрсетілген уақытта сайтқа қанша адам кіргенін дәлелдейтін мәліметтер береді (google analytics немесе яндекс метрика). Басылу сапасы мен түстілігі есептелмейді.
Жыл журналы. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығында кем дегенде 4 нөмір шығарған мерзімді басылым. 
Өтініш басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы басылымның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Журналдың бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек.  
Қазнеттегі медиа серпіліс. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап өтініш берген күнге дейінгі аралықта Интернет желісінде қолжетімді ақпараттық-сараптамалық интернет-ресурс.
Өтініш интернет-ресурстың  көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаны, вирустық және өзге контентті, іс-шараны, конкурсты, форумды немесе басқа да интернет-оқиғаны және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Көрсетілген уақытта сайтқа қанша адам кіргенін дәлелдейтін мәліметтер береді (google analytics немесе яндекс метрика).  
Үздік республикалық мерзімді басылым. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі аралықта кем дегенде 4 нөмір шығарған, уәкілетті органда тіркелген мерзімді басылым. 
Өтініш басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды, оқиғаларды және басқа да маңызды фактілерді көрсету арқылы басылымның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы қоса берілуі керек. 

3. Өтініштерді қарастыру және қорытынды шығару 

9. Өтініштерді қарау Қазылар алқасының мүшелерімен екі турда жүзеге асырылады. 
1-тур. 2017 жылғы 7 мамырдан бастап 7 маусым аралығында Қазылар алқасының мүшелері талаптарға сәйкес келетін барлық өтініштерді қарастырады, оларды он баллдық жүйе бойынша бағалайды және өтініштерді іріктейді. Бағалар жарияланбайды. 
Ең көп балл жинаған өтініштер санынан әр аталым бойынша 10 үміткерден  тұратын тізімдер құрылады. Егер автордың екі материалы да өтуі мүмкін болса,  тізімге ең көп ұпай жинаған материал кіреді. 
2-тур. 2017 жылғы 18 маусымнан бастап 28 маусым аралығында Қазылар алқасы құпия дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттарын таңдауды жүзеге асырады. Қазылар алқасының әрбір мүшесі әр аталым бойынша 4 дауысқа ие, оларды ол 10 финалистің 3-нің арасында үлестіруі керек.
Ең көп дауыс жинаған өтініш сыйлықтың лауреаты болады. Дауыстар саны тең түскен жағдайда, бірінші турда жинаған балл саны есептеледі. 
10. Марапаттау рәсімі кезінде салтанатты жағдайда үш финалистің есімі аталып, солардың ішінен Лаурет анықталады. Әр лауреатқа ұсынылатын, қауырсын үлгісіндегі мүсінше (статуэтка), сыйлықтың символы болып табылады.
11. Лауреаттар тізімі, екінші тур финалистерінің тізімі, сыйлықтың қорытындысы салтанаты шара өткізілген күннен кейін келесі күні ресми түрде баспасөз-релизі арқылы хабарланады.  
12. Сыйлық лауреаттарына өзіне тиесілі ақпараттық, жарнамалық және презентациялық материалдарда, лауреаттың ресми сайтында, сонымен қатар өзі көрсететін қызметтер мен өнімдерді жарнамалау кампаниясында «Баспа, радио-, интернет-журналистика саласындағы ұлттық «Үркер» сыйлығының лауреаты» мәртебесін көрсетуге құқық беріледі. 


 «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысуға арналған өтінім

Өтініш берушінің аты-жөні/

Меншік иесі және БАҚ атауы

 

 

Ұсыныс беріп жатқан номинация атауы

 

Сайт URL

 

 

Ұсынылған материалдар тізбесі

 

 

Байланыс телефоны

 

 

Пікірлер

 

 

<!-- [if gte vml 1]>

 

<!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->                       лауреаттарды таңдауға қатысу ережесімен келісемін   

 

                                                           қолы

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 926 0