Аралдықтар «көгілдір отын» игілігін көреді

Аралдықтар «көгілдір отын» игілігін көреді   Арал. Ауданда жергілікті тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету мәселесі жүйеліеніп келеді. Бұл бағытта нақыты іс-шаралар қолға алынған. 
  Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, биылғы жылдың басты жаңалығы - осыған дейін түрлі себептермен қордаланып келген мәселенің оң шешілуі болып отыр. Яғни газдандыру саласында болып жатқан игі істер аудан халқын елең еткізгені анық. Биылғы жылы Арал қаласын, Сексеуіл кентін және Қамыстыбас елді мекенін газдандыру жұмыстарының құжаттарын әзірлеуге 79,7 млн теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2014 г. 921 0