Қазалыдағы дала күні

Қазалыдағы дала күніКөктемнің әр күні жылға азық қағидасын тұтынған қазалылық дихандар еңбек көрігін қыздыра түсуде. Егіс танаптарындағы қарбалас  қимыл бір сәтке де тоқталған емес.
«Жалаңтөс батыр» ЖШС–нің егіс алқабында өткен «Дала күні» семинар – кеңесіне аудан әкімі Нажмадин Шамұратов төрағалық жасады. Аудандық, облыстық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес төрағалары, округ әкімдері, ардагерлер қатысқан семинар егін егудің жоралғысын жасаудан басталды.
Мұнан соң дала жұмыстарының барысы туралы ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Рыстығұл, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры Абзал Сәрсенов, «Қазалы сушар» өндірістік учаске бастығы Қуаныш Көланов хабарлама жасады. Өткен жылы аудан бойынша егілген күріштен мол өнім жинаған қазалылық дихандардың биылғы межесі де жоғары. Дақылдарды орналастыру барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдардың көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілуде. Сол арқылы бақша дақылдарын өндірістік негізде өсіруді 600 гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай – ақ картоп, көкөніс, бақша дақылдарын дамыту тұрғысында биылғы жылдан бастап аталған дақылдарды егу, жинау жұмыстарын қаржыландыру көзделуде. Оған қоса бірегей элиталы  1репродукциялы тұқымдарды субсидиялау қарастырылуда. Бұл өз кезегіндегербицидпен, минаралдық тыңайтқыштарды және жоғары репродукциялы тұқымдарды ауылшаруашылығы құрылымдарының жеткілікті дәрежеде пайдалануға мүмкіндік беріп, егін шаруашылығында өнімділікті ұлғайтуға оң әсерін тигізеді деседі білетіндер. Күріш түрлерін жаңарту мақсатында «Рза агро» ЖШС Түгескен шаруашылығынан, «Сыр маржаны» ЖШС Ресейдің Краснодар өлкесінен, Астрахан қаласынан  күріштің янтар, фоварит, новатор аталатын түрлерінен тұқым алуда. Облыс әкімінің қолдауымен су айдайтын насос алуға облыстық бюджеттен қаржы қаралған. Жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға бірқатар техника алуға да қол жетті. Семинарды қортындылаған аудан әкімі Н.Шамұратов диханшы қауымның еңбегіне сәттілік тіледі.
Жұмабек Табынбаев, Қазалы ауданы.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 470 0