Халықаралық отбасы күнінде патронаттық отбасыларды құттықтады

Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай 212 мектеп-гимназия базасында патронаттық отбасыларды салтанатты түрде құттықтау рәсімі өткізілді.
Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Соның бірі – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелерден патронаттық тәрбиеге алынған тәрбиешілердің бірі - Малбағарова Ақмарал. Ол ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 15 баланы өз қамқорлығына алып, 8 қыз және 7 ұлды бір отбасында тәрбиелеп отыр.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Ақмарал осы балалардың өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлап, балалардың күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеуге, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға және саналы азамат болып өсуі үшін жағдай жасап отыр.
Бүгінгі күні Гүлжайна мен Гүлсім кәмелет жасқа толып, тұрмыс құрған. 212 мектеп-гимназиясында оқитын 10 баланың оқу үлгірімдері жақсы, 1 бала колледжде білім алуда.
Облыстық білім басқармасының басшысы Сайлыбаев Бахытжан Әбдіқалықұлы мерекемен құттықтап, патронат тәрбиеші А.Малбағароваға «Алғыс хат» пен түрлі түсті теледидарды сыйға тартты.
Шара балалардың концерттік бағдарламасымен ұласып, патронат тәрбиешісі А.Малбағарова аналық алғысын білдірді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 514 0