
UFC президенті Дэйна Уайт америкалық боксшы кіші Флойд Мейвезер мен жеңіл салмақтағы UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор арасындағы кездесудің келісіміне келгенін айтты. Бұл туралы vRINGe.com порталы хабарлайды.
5 мамыр күні бұл жекпе-жекке байланысты Уайт тек Мейвезермен келісімшартқа қол қою үшін келіссөздер өткізеді.
«Біз бұл жерге келісімшартқа қол қою үшін келдік. Мен Конор мен жекпе-жектің барлық мәселесін шешіп, келісіп алдым. Енді дүйсенбі күні Мейвезермен келіссөздер өткізіп, келісімшартқақ ол қоямын. Қиындық мынада болып тұр, егер мұндай жекпе-жекті ұйымдастыру үшін заңгерлер көп араласып кететін болса, онда олар ұсақ-түйекке дейін қарастырып кетеді», - дейді Уайт.
Бұған дейін UFC президенті Дэйна Уайт Мейвезер - МакГрегор арасындағы кездесу 16 қыркүйек өтеді деп мәлімдеген еді. Бірақ бұл күнге Головкин мен «Канело» арасындағы кездесу белгіленіп қойылған соң, UFC басқа күнді қарастыруы керек болып жатыр.