Бюджеті аз еуропалық әуе компаниялар Қазақстанда ұзақ мерзімге қала алады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен апталық брифинг аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады. 
«ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу уақытында Астана үшін  «ашық аспан»  тәртібі енгізілді. Барлық шетелдік әуетасымалдар аптасына Астанаға 7 рейстен  ұшу құқығын ұсынатын болады»,-деді спикер. 
 Мұрат Жұманбайдың айтуынша, жаңа рейстердің ашылуы шетел әуекомпаниялардың коммерциялық дайындығы мен ниеттеріне байланысты. 
«Бүгінгі таңда жаңа ұшу сапарларды орындау мақсатында шетелдік әуекомпаниялар тіркеуден өтуде. Бірқатар компанияларға осындай құқықтар берілді»,-деді ИДМ ресми өкілі. 
«FinnAIR»  әуекомпаниясы  Көрменің өткізілу уақытында Хельсинкадан Астанаға  аптасына 2 рейстен жасауды жоспарлауда.  7 маусымнан бастап «WizzAir»  әуекомпаниясы Будапешттен апатсына 2 рейс, 24 мамырдан бастап «LOT Polish Airlines»  Варшавадан апатсына 4 әуе сапарын, маусымнан бастап Пекиннен «Air China»  аптасына 3 рейстен жасайды.
«Егер «ашық аспан» тәртібі оң нәтиже беретін болса, көрме аяқталғаннан кейін де ұзартылуы мүмкін»,-деді Мұрат Жұманбай. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2017 г. 570 0