Қазалы. Қазалылық ұстаз Абзал Іскендір халықаралық «Болашақ»
стипендиясының иегері атанды. Енді ол әлемнің жетекші оқу орындарының
бірінде білімін толықтырып қайтатын болады. Бұл жайында бізге Қазалы
аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы Дәурен Тілеуімбетов мәлім етті.
Ол
аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі №234 мектептің мұғалім болып
қызмет атқарады. Абзал 1980 жылдың 30 мамырында дүниеге келген.
Стипендиат енді Лондон қаласынада тілдік курстардан өтуде. Академиялық
оқудың мерзімі он сегіз ай. Тілдік курстарды бітірген соң Абзал Жапония
мемлекетінде кезеңдерінен тұратын «Болашақ» стипендиясы бойынша 3 жыл
алты ай оқуда болады. Ақтөбе мемлекеттік университетін физика пәні
мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Оқушылары аудандық олимпиадаларының
жүлдегерлері, халықаралық интернет олимпиаданың дипломанты,
республикалық мұғалімдерге арналған интернет олимпиаданың 3 орын
жүлдегері болған.