Артур Нығметов жаңа қызметке тағайындалды

Артур Нығметов жаңа қызметке тағайындалдыҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметінің ұжымына осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелері мен ақпараттық саясат жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарған  Артур Сағидоллаұлы Нығметовты таныстырды. 
Артур СағидоллаұлыНығметов2007 жылы «Тарих және саясаттану» мамандығы бойынша   М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдады. Сондай-ақ, 2010 жылы Қазақстан университеті «Инновациялық және телекоммуникациялық жүйесі» құқықтану бакалаврын бітірді. 
2007 жылдың қыркүйек және желтоқсан айларында Орталық-Азия университетінің әлеуметтік-саяси тәртібі кафедрасына оқытушы қызметін атқарды;
2008 жылдың қаңтар-қазан айларында жаңалық қызметінің редакторы, ТДК-42  оралдық телеканалының бірқатар телебағдарламаларының жүргізушісі, авторы; 
2008 жылдың желтоқсан айы мен 2012 жылдың желтоқсан айларында  тілші, радио жүргізуші, Қазақстандағы  RFE/RL Inc. Медикорпорациясының өкілдігінде PR қызметінің басшысы қызметін атқарды;
2013 жылдың қаңтар-тамыз айларында – «Назарбаев орталығы» ММ бас сарапшысы; 
2014 жылдың қараша айы мен 2015 жылдың тамыз айларында – «Нұр Отан» ҚХП қоғамдық саясаты институтының штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарды; 
2014 жылдың қаңтары мен 2015 жылдың тамыз айларында - «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктестігі; Январь 2015г. – июль 2016 г. -  Директор Частного фонда «Центр медийных технологий»;
2017 жылдың тамызы -2017 жылдың мамырында- қызылорда облысы әкімінің қоғамдық-саяси мәселелері мен ақпараттық саясаты жөніндегі кеңесшісі;  
Марапаттаулар мен сыйлықтары: 
Жыл сайынғы қоғамдық «Халық сүйіктісі» сыйлығының 2012 жылдың қорытындысы бойынша «Ең үздік публицист» номинациясыныңиегері;
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты (2016 жылы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттарын іріктеуді жүргізу мен дайындауда атқарған еңбегі үшін);
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойының медалі. 
Қазақ, орыс, ағылшын тілін меңгерген. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 1 218 0