Қармақшы. Ауданда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының игілігін көрген азаматтар қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Олар тиісті қаржысына қол жеткізіп, шаруаларын дөңгелентіп алып кетті.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қармақшыда 2009 жылдан аудан тұрғындарына тіс салу, емдеу және жұлу қызмет көрсетіп келе жатқан Темірлан Нұрпейісов пен жолдасы Набат Нұрпейісова «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының 1-ші бағыты «Жаңа бизнес- бастамаларды қолдау» аясында «БТА банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалынан 3 млн теңге несие қаражатын алып, заманауи жаңа құралдармен жабдықталған тіс емханасын күрделі жөндеуден өткізді. Халық сұранысына лайық қызмет көрсеткен жас кәсіпкерлер өзінің сапалы қызыметімен көпшілік көңілінен шығуда.