Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «КазСтИн» РМК өкілдігімен бірге «НурСтрой ЛТД» ЖШС-де болып, түсіндірме жұмысын жүргізді.
«НурСтрой ЛТД» ЖШС 2005жылы «Еңбек» АҚ-ның базасында құрылған. Мұнда 6 өндірістік цех жұмыс істейді: бетон, темір, дайындау, электрлі, механикалық жөндеу және компрессор цехы. 2006 жылдың қыркүйек айында компания Сапа жүйесі менеджменті бойынша ИСО 9001-2001 халықаралық стандартын толық енгізді. Компанияда өндірістік-азаматтық, ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы құрылысына арналған өнімдер шығарылады. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 84 мың м³ темір бетон өнімдері. Қазіргі кезде 120-дан аса темір бетон өнімдерін шығарады.
Түсіндірме жұмысын жүргізу барысында мамандар «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы бойынша кеңестер берді.