ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ

Жуырда Қызылордада облыстың техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі өңірлік штабының кезектен тыс отырысы өтті. 
ҚР Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы, штаб төрағасының орынбасары Ерқанат Кеулімжаев күн тәртібіндегі мәселелердің ел дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы маңызына тоқталды. Отырыста Кедендік одақтың «Балық және балық өнімдері қауіпсіздігі» техникалық регламенті, 2016-2018 жылдардағы Дүниежүзілік экономикалық форумдағы бәсекеге қабілетті ірі индекс көрсеткіштерін жоғарылату «Ішкі нарықта жергілікті жеткізушілердің сапасы» индикаторы деңгейінің сапасын көтеру сұрақтары талқыланды.
Өңірлік штабтың кезектен тыс отырысында штаб мүшелерімен, кәсіпкерлермен пікір алмасуда, сонымен қатар «КазИнСт» РМК Қызылорда филиалы мамандары тарапынан сұрақтарға толықтай жауаптар алынды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 мамыр 2017 г. 476 0