
Жуырда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» семинар түсіндірме сабағы өтті. Өзекті шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.Қиясова, №1 қалалық емхана бас дәрігері Р.Сералиева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» «ХҚКО» департаменті директоры Аида Әбибуллаева қатысты.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң Мемлекет басшысының 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу туралы тапсырмасын орындауды қарастырады. Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілігін қамтамасыз етуге, сонымен қатар медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің әрі жеке медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуы есебінен жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Заң жобасына сәйкес азаматтарға медициналық қызмет пакеттерінің 2 түрі ұсынылатын болады. Біріншісі – базалық пакет, мұнда республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі көрсетіледі. Бұл пакет Қазақстан азаматтарының барлығына қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметтері: жедел көмек және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен шұғыл жағдайлар кезінде көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер. Ал өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтамасыз ететін тұрғындар үшін 2020 жылға дейін республикалық бюджет есебінен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.
Екінші – бұл қайта құрылған Медициналық сақтандыру қорынан көрсетілетін сақтандыру пакеті. Оған кіретін қызметтер, амбулаториялық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационардың орнын басатын көмек, медициналық оңалту, паллиативті мейіргерлік күтім және жоғары технологиялық көмек.
Осы көмектерді мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін, ал жұмыс берушілер – жалданған жұмысшылар үшін жарна төлейтін болады. Жұмысшылар мен салық органдарында тіркелген әрі өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар – өздері үшін жарна төлейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін жарналардан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобы):
1.балалар;
2.«Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар I және II дәрежелі 3.«Ана даңқы» ордені иегерлері;
4.ҰОС қатысушылары мен мүгедектері;
5.мүгедектер;
6.жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
7.интернатта оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
8.техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін мекемелерде, сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі резидентурада күндізгі оқу түрінде оқитын тұлғалар;
9.бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;
10.жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі баласын тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін әйелдер;
11.зейнеткерлер;
12.әскери қызметкерлер;
13.арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері;
14.құқық қорғау органы қызметкерлері;
15.сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар лица, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда;уақытша ұстау және тергеу изоляторларында жатқан тұлғалар. Сонымен қатар, қазіргі таңда әр азаматтың статусын анықтау жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр. Келесі сөзде, «ХҚКО» департамент директоры А.Әбибуллаева барлық қалалық және аудандық бөлімдеріне ат салысып электрондық үкімет порталы арқылы анықталатын әр азаматтын статусын бірлесіп жұмыс жасауын ұсынды. Мониторинг жасап қанша азаматтың статусын анықталып және анықталмағандығы жөнінде ақпарат беріп отыру деген тапсырма берілді. Бағдарламаны белсенді түрде жүргізуге ат салысатындығын жеткізді.