Өзгерістер бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда

Өзгерістер бағдарламасы белсенді жүзеге асырылудаҚызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ботакөз Сейіл хабарлағандай, Бас Прокурормен қоғамға жаңа форматтағы прокуратура қажет ететіні жарияланып, трансформация жүргізудің негізгі бағыттарын айқындалғаннан кейін, облыс прокуроры Халидулла Дәуешов жеке өзі осы тақырыптардағы оқыту тренингтеріне қатысты.
Өз кезегінде, ол өзгерістер елшісі ретінде жеке құрам арасында осындай трансформацияның қажеттігін жеткізіп, бағдарламаның кезеңдері мен мақсаттарын түсіндірді. Осылайша, қалалық прокуратурамен 3 басым бағыттар айқындалған, олар «ашықтық», «тиімділік» және «әділдік», бұлар бойынша келесідей шаралар атқарылды.
Қала прокурорымен барлық елді мекендердің тұрғындарымен кездесулер және олардың өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өткізілді. Осындай қабылдаулардың саны 5 есеге, ал қанағаттандырылған өтініштер 35 пайызға өсті.
Әлеуметтік желілерде парақшалар ашылып, прокуратураның күнделікті жұмысы туралы ақпараттар орналастырылуда. Бүгінгі күннің өзінде жарты мыңға жуық жазылушылар тіркелді. Тәулік бойы қосылған сенім телефондарына кезекші прокурорлармен байланыс жасалады. Барлық емханаларда арыз-шағым жәшіктері орнатылды. Кәсіпкерлермен, мүгедектермен және т.б. санаттағы азаматтармен жұмыс топтары құрылды.
Өзгерістер бағдарламасында атап өтілгендей, қалалық прокуратурамен тек мәселелердің салдарларымен ғана емес, олардың болдырмауына да шараларды қолданады.
Осы орайда, 18 мыңнан астам жұмысшылары бар 25 кәсіпорындарда еңбек заңнамасы туралы ақпараттық хаттар ілінсе, осы секілді салық төлеу жеңілдіктері туралы хаттар «Қазпошта»-ның барлық бөлімшелерінде қойылды.
Прокуратураның бастамасымен «Айыппұл төлеу оңай» іс-шарасы ұйымдастырылып, акция аясында 6 банктің төлем қабылдау жүйесінің Әкімшілік полиция комитетінің АИПС «Контроль» жүйесіне интеграциялануына қол жеткізілсе, 60 төлем қабылдау терминалына айыппұлды қабылдау тәртібі көрсетілген ақпарат ораналастырылды. Бұдан бөлек, жеке құраммен қоғамдық, спорттық іс-шаралар, оның ішінде біліктілігін көтеру бағытында тренингтер өткізілуде. Барлық қызметкерлерді осы жұмыстарға тарту үшін алдағы айға прокуратураның бағыт-бағдар схемасы әзірленіп, оған әрбір прокурор жаңа форматта жұмыс жасаудың өз ой-пікірі мен ұсыныстарын білдіруде.

Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіӨзгерістер бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 мамыр 2017 г. 533 0