Шиелі. Ауданда тұрғындарды баспанамен қамту мәселесіне назар аударылып келеді. Бұл бағытта алдағы жылдарда атқарылатын іс-шара жоспары бекітілген.
«Шиелі ауданында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында 2013-2020 жылдар аралығында кезекте тұрған азаматтарға жалға берілетін 50 тұрғын үй мен 75 шақырым инженерлік жүйелер салуды жоспарлап отырмыз» деді аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ахметәлі Сүйіндік.